Аймақтар
1 мин оқу 400

Салынған жолдың сапасы жақсарды

<p class="2017-" style="text-align: justify;"><span style="letter-spacing: .1pt;">Жол құрылысында ақау жоқ. Бұл сұраққа &laquo;Маң&shy;ғыс&shy;&shy;тауда жолдар сапалы са&shy;лынуда&raquo; деп жауап береді Ұлттық жол сапасы орта&shy;лы&shy;ғы&shy;ның Ақтаудағы өңір&shy;лік филиалының басшысы Елтай Таялиев. </span></p>

Салынған жолдың сапасы жақсарды

Оның айтуынша, облыс аума­ғын­дағы республикалық ма­ңыз­ға ие трассаларға жыл басынан бері жүргізілген тексерулер нәтижесі бар-жоғы үш ақау­ды көрсетті. Сол жол учаскелеріне орташа жөндеу жұ­мыстарын жүргізуге жауапты мердігер мекемелерге, оларға тап­сырыс берген жергілікті әкім­діктерге қызметтік хат жазыл­ған соң кемшіліктер тез арада түзетілген.

«Маңғыстау өңірінде кө­лік жолдарын салу және жөндеумен шұғылданатын ком­паниялардың өз ісіне мұ­қият­тылық таныта бас­та­ғаны қуантады. Өйткені бұл трас­саларды қолданатын халықтың қауіпсіздігі біз үшін әрқашан бірін­ші орында тұр. Мысалға айтар болсам, ағым­дағы жыл­дың қаңтар-шілде айлары облыс бойынша көлік жол­дарына 234 рет бақылау рейді жасалды. 42 нысан бойынша тексеру жүргізілді. Бас-аяғы 1 072 сынама алдық. Со­ның жүзге жуығынан әртүрлі ақау анықталды. Қызметтік хатымызда барлығын да көрсетіп бердік. Сәйкесінше, тез арада түзетілді. Жалпы, өткен жылдармен салыстырғанда қазіргі көр­сеткіш әлдеқайда жақсы», деді ол.

Осы тектес рейдтік бақылау шаралары жыл басынан бері об­лыс­тық маңыздағы жолдарда 42 рет, қалалық маңызға ие трассаларда 33 рет, аудандық жолдарға 3 мәрте жүргізілді.

Соңғысынан ешқандай ақау та­был­мағанын айтады ұлт­тық орта­лық мамандары.

Жол сапасы – қауіпсіздік кепі­лі. Жол жайы біраз жыл­дарға дейін жыр болған Маң­ғыс­тауда жол сапасының артуы – жа­ғым­ды жаңалық.

Бөлісу:
Салынған жолдың сапасы жақсарды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар