Аймақтар
1 мин оқу 293

Жаңа пәтерге ие болды

<p style="text-align: justify;">Ақтау &ndash; көшіп келу&shy;шілердің саны ортаймай келе жатқан қала. Сондықтан қалада жа&shy;ңа үйлер құрылысы қар&shy;&shy;қын алып тұр. Тіпті Ақтау &ndash; облыста тұрғын үй құ&shy;рылысы бойынша ал&shy;дың&shy;ғы орында.</p>

Жаңа пәтерге  ие болды

Ақтау қаласында жуырда қос мерекеге – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында және Конс­ти­туция күніне орай 18-ша­ғын аудан­да орналасқан 4 тұрғын үй пайдалануға берілді. 180 пә­тер­ден тұратын үй «Нұрлы жер» мем­лекеттік бағдарламасы аясында бой көтерген. Кілт тапсыру рәсіміне Ақтау қа­ласының әкімі Н.Қилыбай қа­ты­сып, баспаналы болған аза­мат­тарды қоныс тоймен құттық­та­ды.

– Қаламызда мемлекет қол­дауы арқылы бас­па­налы болып, қоныс тойын той­­лай­тындар саны артып ке­ле­ді. Осы жазда «Аққу-3» тұрғын үй кешенінен 443 пәтер беріліп, қуа­нышқа куә болдық. Бүгін міне, жалпы ауданы 10 150 шаршы метр болатын жаңа тұрғын үйді пайдалануға берудеміз. Ме­ре­кемен тұспа-тұс келген қоныс тойларыңыз құтты болсын! Ша­ңы­рақтарыңыз шаттыққа толы болып, береке-бірлігіміз арта бер­сін, деді қала басшысы.

Іс-шараға жиналғандар толық емес отбасы Медина Ала­гө­зо­ва­ның жаңа шаңы­ра­ғын­да болып, дәм татты. Жаңа қоныстың алғашқы қонағы болған ауыл ақсақалдары бата берді. Келер жылы 19А және 18-шағын аудандарында көппәтерлі 9 тұрғын үйді пайдалануға беру жос­парлануда.

Осылайша өңірде қоныс то­йын тойлаушылар саны артпақ.

Бөлісу:
Жаңа пәтерге ие болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар