Оқиға
1 мин оқу 520

Елордада сауда үйі өртеніп жатыр

<p style="text-align: justify;">Елордадағы Байқоңыр ауданы Уәлиханов көшесінде орналасқан &laquo;Тұлпар&raquo; сауда үйінде өрт шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Бүгін сағат 07:36 минутта елордалық Өрт сөндіру қызметінің «101» пультіне Байқоңыр ауданы Уәлиханов көшесі 24 «Тұлпар» сауда үйінде өрт орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті.

№3 шақырту дәрежесі белгіленіп, өрт сөндіру есептерінің келіп жетуі кезінде 4 қабатты сауда үйдің ең жоғары 4-ші қабатында орналасқан сауда бутиктерінің өртеніп жатқаны анықталды. Өрт сөндіру жедел штабы құрылып, 2 жауынгерлік учаскеге бөлінген.

«Қазіргі сәтте өрт орнында елордалық ТЖД-ның 19 техникасы және жеке құрамның 71 адамы жұмылдырылған. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ», делінген аталмыш департаменттің хабарламасында.

Бөлісу:
Елордада сауда үйі өртеніп жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар