Әлем
1 мин оқу 386
АҚШ-та әскери тікұшақ теңіз жағалауына құлады
<p style="text-align: justify;">Сейсенбі күні әскери тікұшақ ұшу кезінде Калифорния штатының жағалауына жақын жерде апатқа ұшырады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
АҚШ Әскери-теңіз күштерінің 3-флотының сайтында жарияланған хабарламада Abraham Lincoln атомдық әуе тасымалдағышының бортынан аттанған MH-60S тікұшағы Сан-диего қаласынан шамамен 110 шақырым жерде теңізге құлағандығы айтылады.
Болған оқиғаның себептері анықталып жатыр. Әскери-теңіз күштері АҚШ-тың Жағалау күзетімен бірге іздестіру-құтқару операциясын жүргізуде.
Бөлісу: