Экономика
1 мин оқу 390
Қайта өңдеу саласының экономикадағы үлесі тау-кен өнеркәсібінен асты – Мемлекет басшысы
<p>ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына кезекті Жолдауында еліміздің экспорт саясатындағы бағытын айқындап берді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Осыларға қоса экономиканы әртараптандыру, өндірілетін тауарлардың номенклатурасын кеңейту жұмыстарын жалғастыру керек. 2020 жылдың қорытындысы бойынша индустрияландырудың 10 жылдығында алғаш рет қайта өңдеу өнеркәсібінің экономиканы дамытудағы үлесі тау-кен өндіру саласының үлесінен асты. Қысқа мерзімді мақсаттардың ішінде 2025 жылға қарай қайта өңдеу экпортының көлемін 1,5 есе – 24 млрд долларға дейін, ал еңбектің өнімділігін 30 пайызға көтеру міндеті бар», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бөлісу: