Медицина
1 мин оқу 722

Pfizer вакцинасы Қазақстанда уақытша тіркелді

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі елде уақытша тіркелген вакциналар тізіміне Pfizer-BioNTech Comirnaty &laquo;Комирнати&raquo; вакцинасын қосты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Комирнати» вакцинасына 8 ай мерзімге уақытша тіркеу куәлігін берді.

Денсаулық сақтау министрлігі ата-анасының келісімі бойынша 12 жастан асқан балаларға екпе егу жоспарланғанын айтты.

Бұл ретте департамент мәліметінше, вакцинация әлі басталмаған. Нақты уақыты кейінірек хабарланады.

Айта кетейік, 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі мәлімет бойынша, Қазақстанда бірінші компонентті 6 669 969 адам, екінші компонентті 5 438 316 адам салғызған.

Бөлісу: