Аймақтар
1 мин оқу 185
Заңсыз ауланған балықтың жарты тоннасы тәркіленді
<p style="text-align: justify;">БҚО полицейлері заңсыз ауланған балықтың жарты тоннасын тәркіледі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://polisia.kz/ru/poltonny-nezakonno-dobytoj-ryby-iz-yali-politsejskie-zko/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Polisia.kz</a>-ке сілтеме жасап.</p>
Тамыз айының соңында БҚО полиция қызметкерлері Ақжайық ауданының 29 жастағы тұрғынын ұстап, оның Volkswagen Sharan көлігін тінту кезінде салоннан салмағы 500 кг болатын балық табылған.
Автокөлік арнайы тұраққа жіберілді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 335-бабы 1-бөлігі «Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бөлісу: