Депутат Азат Сембиновтің өкілеттігі тоқтатылды
<p style="text-align: justify;">Депутат Азат Сембиновтің өкілеттігі өз өтінішімен мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Депутат өкілеттік мерзімін тоқтату туралы өтініш берген.
«Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Сембинов өз еркімен қызметінен босату туралы өтініш берді. Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы Конституцияның 52-бабына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 24-бабына сәйкес, депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу туралы ұсыныс енгізеді», деді Мәжіліс ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов отырысында.
Мәжіліс депутаттары оның өтінішін қолдады.
Мәжіліс спикері экс-депутатқа Алғыс хат табыстады.