Аймақтар
1 мин оқу 470

Алматының кейбір аудандарында ыстық су тоқтайды

<p style="text-align: justify;">Алматының бірқатар тұрғын алаптары ЖЭО-2-нің жылу беру маусымына дайындығына байланысты, ыстық судан уақытша ажыратылады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«АлЭС» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Алматының бірнеше тұрғын алабы ыстық судан уақытша ажыратылады.

«Сағат 14:00-ден 20:00-ге дейін ыстық су «Айнабұлақ» және «Дорожник» шағын аудандарындағы тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға, сондай-ақ көшелер контурына түспейтін болады», делінген хабарламада.

Мамандардың ақпараты бойынша, ыстық сумен жабдықтауды қалпына келтіру құбырларды жылу тасымалдағышпен толтыру шамасына қарай кезең-кезеңмен жүргізілетін болады.

Бөлісу:
Алматының кейбір аудандарында ыстық су тоқтайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар