Ақтөбеде 6 мектепті «миналаған»
<p style="text-align: justify;">Ақтөбеде алты мектеп «миналанған» деген жалған хабар тарады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://polisia.kz/ru/lzheterrorist-zaminiroval-6-shkol-v-aktobe/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Polisia.kz</a>-ке сілтеме жасап.</p>
1 қыркүйек күні сағат 08:30 шамасында №2 ОМ электрондық мекенжайына алты мектеп туралы хабарлама келіп түсті.
Барлық шұғыл қызметтер мен саперлер тобы дереу оқиға орнына шықты. Сондай-ақ, оқушылар мен оқытушылар құрамын және мектептердің техперсоналын эвакуациялау ұйымдастырылды.
«Қазір анонимді хабарламалардың авторын анықтауға және ұстауға бағытталған жедел шаралар жүргізілуде. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 273-бабы «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», деп хабарлады полициядан.