Қазақстан
1 мин оқу 255

Мұхтар Тілеуберді Израиль Сыртқы істер министрімен сөйлесті

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары &ndash; Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Израиль Мемлекетінің Сыртқы істер министрі Яир Лапидпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Келіссөздер барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың жай-күйі мен перспективаларын талқылады.

Атап айтқанда, олар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту жөнінде пікір алмасты. Министрлер алдағы жылы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған іс-шараларды бірлесіп үйлестіруге келісті.

Өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.

Бөлісу: