Президент
2 мин оқу 334

Мың жаңа мектеп салынады

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жария етіп, мемлекеттің тиімділігін және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамалар мен міндеттерді атап өтті. Қасым-Жомарт Кемелұлы білім және ғылым саласы бойынша да бірқатар маңызды әрі өзекті міндет жүктеді. Президент Жолдауында көзделген тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шара қабылданады.</p>

Мың жаңа мектеп салынады

Жолдауда айтылғандай, урбанизация және демографиялық процестерге байланысты 2025 жылы мектептерде қосымша шамамен 1 млн орын қажет болады. Бұл мәселені шешу үшін 1 мың жаңа мектеп салынады. Осы жылдың өзінде 200 мектепті ашу жоспарланып отыр. 

Оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру және оқу бағдарламаларын бейімдеу бойынша шаралар жос­пар­ланған. Сонымен қатар 5 мың мектепті жаңғырту, пәндік каби­неттермен жаб­дықтау, қо­сым­­ша білім беруге мемле­кет­тік тапсырыс бөлу жос­парда бар. Педагогтердің білікті­лігін арт­ты­ру­ға ерекше назар аудары­лады. Әлем қарыштап дамып келе жат­қан жағдайда бұл өте маңызды.

Мемлекет басшысы әлеу­меттік осал топтағы балаларды қолдауға ерекше көңіл бөлді. Оларға «Цифрлы тәлім­гер» жобасы аясында қосым­ша сабақтар алу мүмкіндігі беріледі.

Қашықтан оқытуға қара­мас­тан, біздің оқушыларымыз әлемдік шыңдарды бағындырып, халықаралық олимпиадаларда өткен жылдардағы рекордтарын жаңартты. Дарынды балаларды қолдау үшін Президенттің тапсырмасына сәйкес конкурс­қа қатыс­пай-ақ гранттар беру, сондай-ақ біржолғы ақшалай сыйлықақылар көзделетін болады.

Президент сондай-ақ толық жинақталған ауыл мектептерін жан басына шаққандағы қар­жы­ландыруға кезең-кезеңмен көшіру жөнінде шаралар қабыл­дауды тапсырды.

Естеріңізге сала кетейін, 2020 жылдан бастап барлық қала­лық мектеп жан басына қар­жы­ландыруға көшті. Бұл шара әртүрлі өңірлерде қаржылан­дыруды теңестіру, материалдық-техникалық базаны жақсарту, алым-салықтармен байланысты тәуекелдерді едәуір төмендету, мектеп­тердің қаржылық дербес­ті­гін арттыру және бюджет қаража­тын жұмсау тиімділігін жақсарт­уға мүмкіндік берді. Бұл бас­тама білім беру және жекемен­шік мектептер ашуға жеке инвести­цияларды тартуды ынталандырды.

Жолдауға сәйкес ғылым сала­сында да елеулі өзгерістер бол­мақ. Мемлекет басшысы жыл соңына дейін ғылым туралы заң­намаға өзгеріс­тер енгізуді тапсырды. Түзету­лер ғалымдарымыз тұрақ­ты және лайықты еңбек­ақы алуын қамтамасыз етуге бағытта­луға тиіс. Ол үшін жетекші ға­лым­­дардың жалақысы базалық қар­жыландыруға қосылуы керек.

Біз Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында қойылған барлық міндетті іске асыру үшін жоспарлы және жүйелі жұмыс істейтін боламыз.

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ,

Білім және ғылым министрі

Бөлісу: