Қазақстанда креативті индустрияны қолдау қоры құрылуы мүмкін
<p style="text-align: justify;">Креативті индустрияны қолдау қорын құру мүмкіндігі қарастырылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Министр мәліметінше, шағын және орта кәсіпкерлікті тиімді дамыту мақсатында «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларын іске асыру 2022 жылдың соңына дейін жалғасады.
«Жалпы алғанда, қаржыландыру көлемі кемінде 1 трлн теңгені құрайды. Креативті индустрияны қолдау қорын құру мүмкіндігі қарастырылады. Өз қызметкерлерінің жалақысын арттыруға бизнесті ынталандыру үшін «ұтымды» іс-шаралар әзірленеді. Реттелетін сатып алу шеңбері аясында жеңілдіктер, сондай-ақ мемлекеттік қолдауға басым қолжетімділік көзделетін болады», деді Әсет Ерғалиев.