Аймақтар
1 мин оқу 150

Ақтөбеде несие ұйымын тонап кетті

<p style="text-align: justify;">Ақтөбе тұрғыны ойыншық тапаншамен шағын несие ұйымын тонап кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://polisia.kz/ru/aktyubinets-s-igrushechnym-pistoletom-ograbil-mikrokreditnuyu-organizatsiyu/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Polisia.kz</a>-ке сілтеме жасап.</p>

Қаскүнем қаржы ұйымының кеңсесіне кіріп, 22 жасар қызды ойыншық тапаншамен қорқытқан. Осылайша, күдікті 74 мың теңге көлеміндегі қаражатты ұрлап кеткен. Оқиға орнына полицияның кешенді күштерінің жасақтары жіберілді, олар ізін суытпай күдіктіні ұстап, қамауға алды.

Ер адам өз ісін толықтай мойындады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:
Ақтөбеде несие ұйымын тонап кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар