Әлем
1 мин оқу 313
Түркияда су тасқынынан көз жұмғандар саны 82 адамға жетті
<p style="text-align: justify;">Түркияның солтүстігінде су тасқынынан кем дегенде 82 адам қайтыс болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бұл туралы Түркияның төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы хабарлады.
«Су тасқыны салдарынан 82 азаматымыздан айырылдық (71 адам – Кастамону, 10 адам – Синоп және тағы 1 адам – Бартын қаласында)», делінген мәліметте.
Табиғи апат аймағында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.
Бөлісу: