Білім
1 мин оқу 280

Олимпиада жүлдегерлеріне – 4,4 млн теңге

<p style="text-align: justify;">Бұған дейін еліміз спорт шыңын бағындырған Олим&shy;пиада жеңімпаздары мен жүлде&shy;герлеріне қаржы&shy;лай сыйақы беріп келсе, енді халықаралық зияткер&shy;лік олим&shy;пиадалардың жеңімпаздары да біржолғы ақшалай сыйақы алатын болады. Атап айтқанда, алтын медаль иегерлері &ndash; 1500 АЕК, күміс &ndash; 1000 АЕК, қола &ndash; 500 АЕК көлемінде сыйақы алады.</p>

Олимпиада жүлдегерлеріне –  4,4 млн теңге

Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Ай­мағам­бетов біржолғы ақша­лай сыйақы халықаралық олим­пиа­далардың жеңімпаздарын дайындаған педа­гог-тәлімгер­лерге де берілетінін жеткізді.

«Зияткерлік, шығармашы­лық, спорттық бағыттар бо­йынша және WorldSkills сынды халықаралық олимпиада­лар­дың жеңімпаздарын қолдау мақсатында конкурсқа қатыс­пай-ақ жоғары оқу орын­дарына түсу үшін грант тағайындау мәселесі заңнамалық түрде рет­телетін болады. Сон­дай-ақ халықаралық зияткер­лік олимпиадаларға қатысушы­ларды ынталандыру және қол­дау үшін алтын медаль иегер­леріне – 1500 АЕК, күміс – 1000 АЕК, қола – 500 АЕК көлемінде сыйақы тағайындау жоспарланып отыр», деді Асхат Аймағамбетов.

Осы шараларды жүзеге асыру үшін «Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңына толық­тырулар енгізілетін болады. Атап айтқанда, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олим­пиа­далар­дың жеңімпаздары мен жүл­дегерлерін, олардың жат­тық­тыру­­шыларын көтермелеу қағида­ларын бекіту Білім және ғылым министрлігінің құзы­ретіне кірмек.

Айта кетелік, биыл ірі халық­ара­лық жарыстарда оқушылар 26 медаль жеңіп алып, рекордты жаңартты. Яғни білім алушылар ел қоржынына 2 алтын, 13 күміс және 11 қола медаль салды. Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында дарынды балаларды жан-жақты қолдауды тапсырған болатын.

Бөлісу:
Олимпиада жүлдегерлеріне – 4,4 млн теңге · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар