Білім
1 мин оқу 712

«Кәсіби бағдар» жобасы: 20 мыңнан астам оқушы болашақ мамандығын анықтады

<p style="text-align: justify;">Еліміздің барлық өңірлерінен орта мектептердің 20 586 оқушысы &laquo;Кәсіби бағдар&raquo; жобасы аясында 5 бағыт бо&shy;йынша 85 түрлі тренингтен өтті: &laquo;Тиімді коммуникациялар, шешендік шеберлік&raquo;, &laquo;Жобалық ойлау&raquo;, &laquo;Кәсіби бағдарлау және мансаптық траекторияны құру&raquo;, &laquo;Эмоционалды интеллект&raquo;, &laquo;Командалық жұмыс&raquo;.</p>

«Кәсіби бағдар» жобасы:  20 мыңнан астам оқушы болашақ мамандығын анықтады

Тренингке қатысушылар жобалық менеджмент, жобаларды басқару, бюджет­тік жос­парларды құру негіздерімен танысып, шешендік өнер бо­йын­ша өз дағдыларын жетілдірді, сондай-ақ өз қабілеттері мен мақсат-мүдделерін ескере отырып уақыт үрдістеріне сәйкес мамандық таңдау бо­йын­ша шешім қабылдау дағдыларын меңгерді.

Жобаның басты мақсаты – қазіргі заманда сұранысқа ие мамандықтарға жастардың дағдылары мен бейімділігін арттыру. Жыл соңына дейін EduNavigator кәсіби бағдар беру платформасы базасында онлайн-режімде орта мектептердің кемінде 20 мың оқушысына психологиялық диаг­­ностика мен тестілеу жүр­гізу жоспарлануда. Сонымен қатар жоба аясында эко­но­­миканың жетекші салаларының маман­­дарымен және Қазақстан мен шетел уни­верситеттері­нің жетекші жоғары оқу орын­дарының түлектерімен онлайн-кез­десу­лер өткізіліп, мамандық таңдау мәсе­ле­леріне арналған бейнероликтер әзірленді.

Жобаның негізгі серіктестері – Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектерінің қауымдастығы, BTS Education және Internatio­nal Academy of Emotional Intelligence компаниялары. Еске сала кетейік, «Кәсіби бағдар» жобасын «Азаматтық және құқықтық бастамаларды дамыту» қоғамдық қоры Ақ­парат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау ор­та­лығының қолдауымен жүзеге асыруда.

«Егемен-ақпарат»

Бөлісу:
«Кәсіби бағдар» жобасы: 20 мыңнан астам оқушы болашақ мамандығын анықтады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар