Экология
1 мин оқу 516

Жастар ағартушылық эко-қозғалыстарға қатысты

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның барлық өңірлерінде Kieli tabigat республикалық жобасы шеңберінде жастардың 17 ғылыми-ағартушылық эко-қозғалыстары құрылды.</p>

Жастар ағартушылық эко-қозғалыстарға қатысты

Атап айтқанда, 1000-нан астам жас эко-волонтер ретінде ақпараттық-түсіндіру жұ­мыс­тарын жүргізіп, түрлі экологиялық акциялар ұйымдастыруда. Барлық іс-ша­ралар санитарлық-эпидемиялық нормаларды қатаң сақтай отырып өтуде. Жас қазақстандықтар эко-волонтерлік және эко­логиялық саналы өмір салтын жүргізу бойынша онлайн-оқыту курстарынан өтті. Оларды оқыту үшін Қазақстанның экологиялық қозғалыстарының көшбасшылары шақы­рылып, эко-волонтерлік, қатты тұр­мыстық қалдықтарды сұрыптау, эко-софия негіз­дері, су ресурстарын үнемдеу тех­но­­логиялары және үйді экологияланды­ру та­қы­­рыптары бойынша семинарлар өткізді.

Бұдан басқа, экологиялық мәдениет бо­йынша ЭкоLife Challenge республикалық ­онлайн-конкурсы өтіп, «Гринэйка оқиға­лары» ертегілер сериясын жазу бойынша жұмыс жүргізілуде. Сондай-ақ қатты тұр­мыстық қалдықтардан жасалған инсталляциялар бойынша From waste to art конкурсын, World Cleanup day Дүниежүзілік экологиялық акциясын және т.б. шараларды өткізу жоспарланып отыр.

«Егемен-ақпарат»

Бөлісу: