Кино
2 мин оқу 315

Достоевский туралы фильмге түсті

<p style="text-align: justify;">Ресейде &laquo;Ваш весь Фёдор Достоевский&raquo; атты кинотуынды түсіріле бастады. Қазақтың ағар&shy;тушы ғалымы Шоқан Уәлихановтың жазушы досы туралы бұл фильмде Қарағандыда&shy;ғы К.Станиславский атындағы орыс драма теат&shy;ры&shy;ның жетекшісі Дунай Еспаев пен актри&shy;са Галина Турчина ойнады.</p>

Достоевский туралы фильмге түсті

Федор Достоевскийдің 200 жылдығына арналған бұл туындыда Дунай Еспаев Шоқан Уәлихановтың рөлін сомдады.

– Менің түрім Шоқан Уәлихановқа ұқсамайды. Рөлді гримсіз және офицер киімінсіз ойнадым. Режиссердің шешімі осындай болды. Ең бас­ты мақсат – кейіпкерімнің жарқын болашаққа ұмты­лысын, оның патриотизмін, өз идеяларын қалай қорғай алғанын көрсете білу керек болды, – дейді Дунай Еспаев.

Ал Галина Турчина болса, әйгілі жазушының әйелі Мария Исаеваның рөлін ойнады.

– Достоевскийдің бірінші әйелін ойнау мен үшін үлкен мәртебе болды. Фильмде менің кейіпкерім сөйлемейді, сол себепті оның образын шығару өте қиын болды. Фёдор Михайлович – менің сүйікті жазушым. Оның еңбектері мен өмірбаянын жақсы білемін. Кейде уақыт машинасына отырып, өткенге оралған сияқты күй кештім. Өте қызықты тәжірибе болды, – деп ағынан жарылды актриса.

Еске салар болсақ, жазушы болашақ жары Мария Исаевамен Семейде кездескен болатын. Сондай-ақ ол бұл қалада Шоқан Уәлиханов, Петр Семенов-Тян-Шанский және Александр Врангель сынды өз заманының белгілі адамдарымен танысып, араласқан.

Семейде тұрған кезінде Федор Достоевский «Дя­дюшкин сон» және «Село Степанчиково и его обита­тели» хикаяларын жазды, «Записки из Мёртвого дома» туындысын бастаған.

Аталған фильм Ресейдің бірнеше қаласын­да түсірілген. Қазақстанда түсіру алаңы ретінде әйгілі жазушының Семейдегі әдеби-мемориалдық мұра­жайы таңдалды.

ҚАРАҒАНДЫ

Бөлісу: