Аймақтар
1 мин оқу 310

Алматыдағы Төле би көшесі ішінара жабылады

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласындағы Төле би көшесі ішінара жабылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматы қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, 2021 жылдың 2,3 және 4 қыркүйекте Төле би көшесінде Б. Момышұлы көшесінен Яссауи көшесіне дейін көлік қозғалысы шектеледі. «Жол жөндеу жұмыстары түнгі уақытта жүргізіледі. Төле би көшесі түнгі сағат 23:00-ден таңғы сағат 08:00-ге дейін ішінара жабылады. Келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұраймыз», деп хабарлады басқармадан.

Сонымен қатар, жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.

Бөлісу: