Технология
1 мин оқу 540

Жеке компания ғарышқа Альфа зымыранын ұшырды

<p style="text-align: justify;">Украин-американдық жеке Firefly Aerospace компаниясы Альфа ғарыштық зымыранын ұшырды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Зымыран Калифорниядағы АҚШ ғарыш күштерінің Ванденберг базасынан Киев уақыты бойынша таңғы 4:59-да ұшырылды.

Бастапқыда ұшыру 4:00-де жоспарланған, бірақ кейінге шегерілді. Жоба құны - 15 миллион доллар. Бірінші миссия DREAM немесе FLTA001 деп аталады. Бірақ, өкінішке қарай, ұшу сәтсіз аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, Firefly Aerospace (бұрынғы Firefly Space Systems) – штаб-пәтері Остинде (Техас, АҚШ) орналасқан жеке ғарыштық компания, ол ғарышқа жүк жіберу үшін жеңіл ұшыру аппараттарын әзірлейді. 2017 жылы компанияны украин кәсіпкері Максим Поляков сатып алып, Firefly Aerospace деген жаңа атауымен қайта іске қосты.  

 

Бөлісу:
Жеке компания ғарышқа Альфа зымыранын ұшырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар