TOKYO2020
1 мин оқу 272

Паратаэквондошы Нұрлан Домбаев жартылай финалға шықты

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық паратаэквондошы Нұрлан Домбаев Токиодағы Паралимпиада ойындарында алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ширек финалда Нұрлан аргентиналық Хуан Самораномен кездесіп, 27:25 (15:11, 6: 5, 4: 9, 2: 0) есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, ол негізгі тордағы кездесуді жалғастырады, ал Саморано жұбаныш жекпе-жектеріне қатысады.

Айта кетейік, аталған ойындарда Домбаев еліміздің паралимпиадалық құрамасының туын көтеріп шыққан болатын.

Бүгін тағы бір қазақстандық таеквондошы Камиля Досмалова бірінші жекпе-жекте сербиялық қарсыласынан жеңіліп қалды, алайда жұбаныш раундының ширек финалына жолдама алды.

Бөлісу: