Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?
<p style="text-align: justify;">Қазгидромет 4-6 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Батыс өңірлер белсенді фронтальді бөлімдер аймағында болады. Мұнда найзағай, бұршақ, екпінді жел және ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Республиканың қалған аумағында антициклонның әсерінен құрғақ және шуақты ауа-райы сақталады.
Елдің батысында, солтүстік-батысында түнде ауа температурасы 7-18, күндіз 17-26 градус, солтүстікте ауа температурасы түнде 4-13, күндіз 22-30 градус ыстық, орталықта және шығыста түнде ауа температурасы 2-17 градус, күндіз 25-36 градус ыстық, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 14- 22, күндіз 29-38 градус ыстық болады.