Елорда
1 мин оқу 331

Нұр-Сұлтанда мектепте өрт шықты

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтанда N54 мектеп-лицейде өрт шықты, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 3 қыркүйек күні сағат 09:04-те болған.

«Бүгін 9 сағат 4 минутта Өрт сөндіру қызметіне Байқоңыр ауданы Иманбаева 4 мекенжайында орналасқан № 54 мектеп-лицейінде өрт болып жатыр деген хабар түсті. Өрт сөндірушілер келген кезде кіре берісте 1 қабаттағы төбе жабындысының бықсып жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілердің  жедел әрі үйлесімді әрекетімен өрт 15 минут  ішінде толығымен сөндірді», деп хабарлады ТЖД.

Өрт аумағы 8 шаршы метрді құрады. Оқушылар өрт сөндірушілер келгенше эвакуацияланған. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Оқу процесі жалғасып жатыр.

Өрт сөндіруге 8 өрт сөндіруші мен 4 техника жұмылдырылды.

Бөлісу: