Президенттік жастар кадр резервіне құжаттар қабылдау басталды
<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл Президенттік жастар кадрлық резервіне 50 резервшіні іріктеу қажет, деп хабаралайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚР <a href="https://pkrezerv.gov.kz/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">МҚІА</a> баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде «pkrezerv.gov.kz» платформасында онлайн-режимде басталды.
Екі күн ішінде іріктеуге қатысуға 1 251 өтінім берілді. Өтінімдерді қабылдау 30 қыркүйекке дейін жалғасады.
Президенттің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығымен белгіленген талаптарға сәйкес, іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімі, жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, мемлекеттік тілді ортадан төмен емес деңгейде меңгерген ҚР азаматтары қатыса алады. Резервте болу мерзімі үш жылды құрайды. Резервшіні Бос мемлекеттік лауазымға тағайындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатын болады.