Қазақстанға атом электр стансасы керек – Қ.Тоқаев
<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Шығыс экономикалық форумында сөйлеген сөзінде Қазақстанда АЭС салу жайына тоқталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Өз Жолдауымда Қазақстанда атом энергиясын құру мүмкіндігін жан-жақты зерттеуді тапсырдым. Мемлекеттің, оның ішінде азаматтар мен кәсіпкерлердің шұғыл қажеттіліктерін жеткілікті деңгейде ескеру маңызды. Менің ойымша, бұл мәселені егжей-тегжейлі қарастыратын уақыт жетті, себебі Қазақстанға АЭС керек», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетсек, Қазақстанда АЭС салу мәселесі бірнеше рет көтерілген.
1 қыркүйекте Президент өз Жолдауында 2030 жылға қарай елімізде электр энергиясының тапшылығы орын алатынын атап өтті. Сондықтан ол үкіметке және «Самұрық-Қазына» ұлттық холдингіне бір жыл ішінде Қазақстанда қауіпсіз және экологиялық таза атом энергиясын дамыту мүмкіндігін зерттеуді тапсырды.