Президент
1 мин оқу 305

Президент Ресей вакцинасының тиімділігі туралы айтты

<p style="text-align: justify;">ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс экономикалық форумы барысында ресейлік &laquo;Спутник V&raquo; вакцинасының тиімділігі туралы сөз қозғады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Біз Ресеймен Спутник V-ны сатып алатынымыз туралы келістік. Қарағандыда кәсіпорын базасында аталған вакцинаны жасау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Менің ойымша, бұл маңызды келісім», деді Тоқаев.

Сондай-ақ, ҚР Президенті Ресей вакцинасын тиімді деп санайтынын атап өтті.

«Мен өзім бұл вакцинаны салдырттым, сондықтан оны өте тиімді деп санаймын. Ол әлі күнге дейін Халықаралық сертификатқа ие болмағаны таңқалдырады. Бірақ ДДСҰ-да, менің білуімше, белгілі бір критерийлер бар. Шамасы, қажетті лицензияны немесе сертификатты алу үшін осы тармақтардан өту керек. Оған қарамастан, «Спутник V» бүкіл әлемде мойындалған, менің ойымша, 60-тан астам ел бұл вакцинаны қолданып жатыр. Сондықтан, абырой тұрғысынан алғанда, бұл вакцина менің көзқарасым бойынша ешқандай сынға ұшыраған жоқ», деп толықтырды Мемлекет басшысы.

Бөлісу:
Президент Ресей вакцинасының тиімділігі туралы айтты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар