Қазақстан
1 мин оқу 220
Шетелдік студенттерге қандай талап қойылады?
<p style="text-align: justify;">Шетелдік студенттерге Қазақстан аумағына вакцинация паспорты мен COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтижесі бойынша кіруге рұқсат етіледі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бұл ереже Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 3 қыркүйектегі жаңа Қаулысында бекітілген.
Құжатқа сәйкес, Қазақстан аумағына кіру үшін шетелдік студенттерден келесілер талап етіледі:
- Венгрияның, Таиландтың, Моңғолияның, Грузияның, Қырғызстанның және Молдованың уәкілетті органы берген паспортымен/сертификатымен/вакцинация анықтамасымен расталған COVID-19-ға қарсы вакцинациялау:
- Алынған сәттен бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту сәтінде 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтижесі.
«Интернаттар мен жатақханаларда тұратын студенттердің 14 күндік карантинде оқшауланған уақытта тұрақты тұратын жерлеріне немесе басқа жерлерге баруына жол берілмейді», делінген құжатта.
Бөлісу: