Нұрлан Домбаев Паралимпиаданы жүлдесіз аяқтады
<p style="text-align: justify;">Паратаэквондошы Нұрлан Домбаев Қазақстан құрамасының қоржынын Паралимпиада ойындарының алтыншы медалімен толтыра алмады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://olympic.kz/ru/article/22682-nurlan-dombaev-stal-pyatym-na-paralimpiade-v-tokio" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Olympic.kz</a>-ке сілтеме жасап.</p>
Қазақстандық спортшы Аргентина өкілі Хуан Самораномен үшінші орын үшін күресте 12:13 есебімен жеңіліп қалды.
Ал 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Нұрлан Домбаевты жеңген ирандық Махди Поурранамадгоураби мен Мексикадан келген Хуан Диего Гарсия Лопес өнер көрсетті. Оңтүстік американдық 26:20 есебімен жеңіп, алтын медальді иеленді.