Теннис
1 мин оқу 165
Отандасымыз әлемдік жарысқа қатысып жатыр
<p style="text-align: justify;">Словенияның Оточец қаласында үстел теннисінен WTT сериясындағы турнирлер басталды. Аталған сынға Еуропа, Азия мен Американың 20 мемлекетінен спортшылар қатысуда, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>
Біздің елден аталған сынға 14 жастағы Қазақстан чемпионы Алан Құрманғалиев аттанды. Ол 17 жастағы спортшылар арасында 1/16 айналымға өтіп, өз тобында Якуб Голдир (Словакия) мен Тобиас Эллисті (Англия) жеңді.
Алайда, 1/8 айналымға жолдама беретін матчта румыниялық Юлиан Чиритеден 1:3 есебімен ұтылды.
Бүгін Алан 15 жасқа дейінгі спортшылар арасында бақ сынайды.
Бөлісу: