Коронавирус
3 мин оқу 1,150

Әлемде эпидемиялық ахуал әлі де күрделі

<p style="text-align: justify;">Дүние жүзінде эпидемиялық ахуал әлі де еңсерілер емес. Вирус жұқтырғандар саны азаймай тұр. Осыған байланысты көптеген ел вакцина салуды жеделдетуге талпынып, тырысып жатыр.&nbsp;</p>

Әлемде эпидемиялық ахуал әлі де күрделі

Германия денсаулық сақтау министрі халықты жаппай вакцина салдыруға шақырды. Оның айтуынша, екпе алу көр­сет­кіші жақсармаса, жыл соңы­на де­йін елдегі ауруханалар науқас­тар­ға толуы мүмкін. Әзірге Гер­ма­ния тұрғындарының тек 61 па­йы­зы коронавирусқа қарсы вак­ци­на­ның екі дозасын алған. Бұл Еуропа елдерімен салыстырғанда тө­мен. Өкінішке қарай, аталған елде вак­цина салғызғандар саны бір­неше аптадан бері төмендеп келеді.

Ұлыбритания билігі келесі аптада 12-15 жастағы жасөспірім­дерге коронавирусқа қарсы вакцина салуға дайын. Бұл туралы Англияның Бас санитарлық дәрігері Крис Уитти мәлімдеді. Әйтсе де, әзірге билік өкілдері вак­цина салдыру-салдырмау құқы­ғын ата-аналарға бермек. Премьер-министр Борис Джон­сон алдағы уақытта осыған байланысты Парламентте өтетін тал­қылауға қатысады.

Бахрейн де екпеге ерекше ек­пін беріп отыр. Ел билігі Sputnik V вакцинасын толықтай алғандарға күшейткіш доза қолдануға рұқсат етті. Осылайша, екі доза алғандар тағы да бір мәрте аталған препаратты салдыра алады.

Индонезияда вакцинадан дау туды. Таяуда президенттің коро­­навирусқа қарсы вакцина алғаны жөніндегі сертификат жарияланып кеткен. Содан кейін тұрғындардың жеке меди­циналық мәліметтерінің қауіп­сіздігіне алаңдағандар саны кө­бейді. Өйткені мұндай ақпарат былайғы жұртқа жария етілмеуі тиіс. Сарапшылар екпеге арнал­ған бағдарлама бұзылуы мүмкін екенін алға тартады.

Түркия 6 қыркүйектен бастап коронавируспен күресудің жаңа шараларын енгізді. Олардың арасында қалааралық автобус­тарда, пойыздарда және басқа да қоғамдық көлікте вакцина алмаған жолаушылар ПТР-тест анықтамасын көрсетуі қажет. Бұл ережелер концерттерге, кино­театрларға және театрларға бару кезінде де қолданылады.

Франция еңбек министрі Элиза­б­ет Борн елде вакцина төл­құжатына қойылатын шек­теу­лер же­ңіл­деуі мүмкін еке­нін мә­лім­­деді. Ол үшін науқас­тар саны аза­йып, вирус ауыздықталуы керек.

«Денсаулық жағдайы жақса­рып келеді. Егер бұл расталса, біз ережелерді жеңілдете аламыз. Жақын күндері бұған да жетуіміз мүм­кін», деді Франс Интер ра­дио­­­сы­на берген сұхбатында Э.Борн.

Польша AstvaZeneca вакци­на­сы­ның 400,000 дозасын Тайваньға береді. Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, бұл қадам Тайваньдағы вакци­на­ция деңгейін жоғарылату мақ­сатында жасалып отыр.

Токиода төтенше жағдай режімі қыркүйектің соңғы ап­та­сына дейін ұзартылады. Әйт­се де, Жапонияның қалған бөлі­­гінде карантиндік шаралар же­ңіл­­детілді. Өткен айда үкі­мет қа­был­даған, Жапония халқы­ның шамамен 80 пайызына әсер еткен төтенше шаралар 12 қыр­күйекте аяқталуы керек еді. Бірақ Токио мен оған жақын маң­дағы аймақтарда науқастардың көбеюіне байланысты төтен­ше жағдай режімін алып тастау кейінге шегерілді.

Словакияда «Дельта» штам­мы тез таралып келеді. Денсау­лық сақтау министрлігінің мәлі­метіне сүйенсек, елде анықтал­ған ин­фек­циялар арасында оның үлесі 99 пайыздан асады. Сарап­шылардың айтуынша, Слова­кияда COVID-19 эпидемиясының үшінші толқыны басталды.

Ресейде тәулігіне 19 мың­ға жуық адам инфекция жұқ­тыр­ған. Жал­­пы, пандемия бастал­ғалы 6 933 954 тұрғын коронавирус инфекциясына іліккен. 186 407 адам қайтыс болды.

Туризм саласы екінші жыл қатарынан COVID-19 пандемиясынан зардап шегіп отыр. Атал­ған сала 2020 жылы әуе қатынасы тоқтатылған кезде айтарлықтай шы­ғынға ұшырады. Бүкіл әлем­де ха­лықаралық туристер саны 73 па­йызға азайды.

2020 жылы әлемдік туризм индустриясына инвестициялар жыл­дық есеппен 29,3 пайызға азай­ған. Ал туризмге байланыс­ты қонақүй мен тамақтану орын­дары­ның кірісі 2019 жылмен салыс­тыр­ғанда 46,3 пайызға төмендеген.

Бөлісу: