Оқиға
1 мин оқу 250

Алматы облысында мейрамхана өртеніп кетті

<p>Алматы облысында мейрамхана өртенді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматы облысы Қарасай ауданы Қырғауыл кентіндегі мейрамхананың өртеніп жатқаны жайлы 5 қыркүйек сағат 17:26-да төтенше жағдай қызметкерлеріне  хабар жеткен.

«Мейрамханадан шыққан өрт сағат 18:13-де сөндірілді. Ғимараттың 500 шаршы метр аумағын жалын шарпыған. Оқиғадан зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ», делінген хабарламада.

Бөлісу: