Спорт
1 мин оқу 310
Қазақстандық велошабандоз әлем чемпионатының жүлдегері атанды
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық велошабандоз Кирилл Курдиди жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Курдиди 1000 метр қашықтықта үшінші келіп, қола жүлдені жеңіп алған. Бірінші және екінші орындарды Ресей және Германия спринтерлері бөлісті.
«Кирилді тамаша нәтижемен құттықтаймыз!», деп жазды Қазақстандық велоспорт федерациясының Instagram-аккаунтында.
Еске сала кетсек, жасөспірімдер арасында велоспорттан әлем чемпионаты 1-5 қыркүйек күндері Мысыр елінің Каир қаласында өткен. Бұған дейін әлем біріншілігінде қола медальді қазақстандық велошабандоз Юлия Голубкова жеңіп алған болатын.
Бөлісу: