Елорда
1 мин оқу 312

Тұрғындарды 12 миллион теңгеге алдаған алаяқ ұсталды

<p style="text-align: justify;">Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде елорданың 22 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> елорда полиция департаментіне сілтеме жасап.</p>

Қаскүнем «OLX» хабарландыру сайты арқылы автокөліктерді бір тәулікке жалға алып, кейін оларды басқа азаматтарға сатқаны анықталды. Жас жігіт осындай жолмен 12 млн теңгеден астам сомаға 7 адамды алдаған.

Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктінің осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. 

Бөлісу:
Тұрғындарды 12 миллион теңгеге алдаған алаяқ ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар