Спорт
1 мин оқу 391

ТМД елдері ойындары: Боксшылар 4 салмақта топ жарды

<p style="margin: 0cm 0cm 0.0001pt; background: white; text-align: justify;"><span style="font-size: 13.5pt; font-family: 'Arial',sans-serif; color: #151515;">Бүгін ТМД елдері арасындағы спорт ойындарында боксшылар бәсекесі мәресіне жетті. Кеше жартылай финал қорытындысы бойынша ақтық сынға шыққан 6 былғары қолғап шеберіміздің төртеуі өз салмағында қарсылас шақ келтірген жоқ, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

ТМД елдері ойындары: Боксшылар 4 салмақта топ жарды

Жалпы бұл жарыста 26 салмақта (13-і ұлдар, 13-і қыздар арасында) жүлде жиынтығы сарапқа салынып, қазақстандық боксшылар соның 21-інде медаль олжалады (4 алтын, 2 күміс пен 15 қола).

Қазақстан бокс бәсекесінде 15 алтыны бар Ресей мен 7 алтыны бар Өзбекстаннан кейінгі үшінші орынға жайғасты.

Айта кетейік, сайысқа 2005-2006 жылы туған 15-16 жастағы жас былғары қолғап шеберлері қатысты.

Бөлісу: