Руханият
1 мин оқу 320

Қазақстандық 40 шәкірт Түркияда діни білім алады

<p style="text-align: justify;">Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркия дін істері басқармасы арасындағы екі жақты келісім негізінде Хасеки академиясының 2021-2022 оқу жылына қабылданған шәкірттер Түркияға Шымкенттен аттанды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстандық 40 шәкірт Түркияда діни білім алады

Биылғы ҚМДБ-ға қарасты діни оқу орындарын бітірген, білімді, даярлық курстан және қабылдау емтиханынан «өте жақсы» баллға ие болған 40 шәкіртке Хасеки академиясының жолдамасы берілген болатын.

Хасеки академиясындағы оқу мерзімі – 3 жыл.

Шара барысында ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков шәкірттерге бірқатар ақыл-кеңестер беріп, оқу ордасындағы талап, ережелерді айтып өтті. Сондай-ақ аталмыш оқу орнында білім деңгейімен қатар студенттерге барлық жағдайдың жасалғанын тілге тиек етті.

Бөлісу:
Қазақстандық 40 шәкірт Түркияда діни білім алады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар