Елорда
1 мин оқу 150

Елордада 16 мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылды

<p style="text-align: justify;">Өткен демалыс күндері мониторингтік топтар Нұр-Сұлтандағы 16 мекемені әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

5 қыркүйекте Алматы және Байқоңыр ауданында орналасқан екі мекемеде санитарлық талаптар бұзылғаны анықталды.

Сенбі күні 8 мекеме бас санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілген талаптарды сақтаған жоқ. Ал ертеңінде 6 мекемеде карантин режимінің бұзылғаны анықталды. Сонымен қатар, тексеру кезінде «Horeca» мейрамханасында 60-қа жуық адам болған, бұл карантин жағдайында рұқсат етілмейді. Себебі мұндай жағдайда әлеуметтік қашықтық сақталмайды.

«Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар әкімшілік шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді», деп жазады қала әкімдігінің ресми сайты.

Бөлісу:
Елордада 16 мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар