Психотропты зат сатқан Өзбекстан азаматшасы ұсталды
<p style="text-align: justify;">Атырау облысы Полиция департаментінің Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Жұмыскер мөлтек ауданына есірткіге ұқсас зат жасырып кеткен Өзбекстан елінің 22 жастағы азаматшасын ұстады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Күдіктінің жасырғаны “Альфа-PVP” психтропты заты екені белгілі болды. Айтуынша, ол оны Telegram желісі арқылы сатып алған.
«Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды», деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.