Спорт
1 мин оқу 190

Велошабандоздардың «Вуэльта» додасы аяқталды

<p style="text-align: justify;">Үш аптадан аса уақытқа созылған &laquo;Вуэльта&raquo; көпкүндігі өз мәресіне жетіп, бұл бәсекеде Примож Рогличтің бақ жұлдызы жанды. &nbsp;</p>

Велошабандоздардың «Вуэльта» додасы аяқталды

Нидерландта іргетасы қаланған «Team Jumbo-Visma» клубы сапында өнер көрсетіп жүрген 31 жастағы словениялық велошабандоз ең соңғы 21 кезеңде топ жарып қана қоймай, айтулы жарыстың жеңімпазы атанды. Примож Рогличтің көрсеткіші – 83 сағат 55 минут 29 секунд. Дәп осы спортшы биыл Токиода өткен Олимпияда ойындарының жекелеген сайысында да бас жүлдені олжалаған болатын.

Екінші орынды иеленген испаниялық Мас Энрич («Movistar Team») басты қарсыласынан 4 минут 42 секунд қалып қойды. Үшінші сатыға аустралиялық Джек Хэйг («Bahrain – Victorious») табан тіреді.

«Астана» клубы мүшелері арасынан ең үздік көрсеткішке Ион Исагирре қол жеткізді. Жарыс жеңімпазынан 1 сағат 17 минут 47 секунд қалып қойған 32 жастағы испаниялық легионер 26 орынды қанағат тұтты.

Бөлісу:
Велошабандоздардың «Вуэльта» додасы аяқталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар