Ақмола облысында карантин шектеулері күшейеді
<p style="text-align: justify;">Ақмола облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2021 жылғы 6 қыркүйектегі № 36 жаңа қаулысы шықты, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Қаулыда: «Халыққа қызмет көрсету ортальқтары, оның ішінде мамандандырылған ХКҚО-ның жұмысын сенбі және жексенбі күндері тоқтата тұрып, жұмыс күндері (дүйсенбі - жұма) сағат 9-дан 18-ге дейін ұйымдастырылсын.
Көкшетау қаласында жұмыс режимі сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін ХҚКО кезекші бөлімшелерін ұйымдастыруға жол беріледі. Азаматтар «Ashyq» қосымшасы арқылы қабылдансын», деп жазылған.
Сонымен қатар кейбір нысандардың жұмыс уақытына өзгеріс енгізілді.
Қаулының толық мәтінімен облыстық санитарлық-эпидемологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында танысуға болады.