Аймақтар
1 мин оқу 190

Семейде жеке тұрғын үй өртеніп кетті

<p style="text-align: justify;">Семейде балалардың тектектігі кесірінен үй өртенді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің <a href="https://www.instagram.com/p/CTdzy2AKoXy/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Instagram</a>-дағы жазбасына сілтеме жасап.</p>

5 қыркүйекте Кирпичный тұйығындағы үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер шақырту орнына келгеннен кейін жалпы ауданы 101 шаршы метр шатыр, қоршау, шаруашылық құрылыстарының ағаш конструкциялары өртенді. Өрт сөндірушілер сыйымдылығы 27 литр болатын 2 газ баллонын тауып, шығарды. Өрттің алдын ала себебі балалардың отпен абайсыз қарым-қатынасы болғаны анықталды.

Семей қаласының ТЖ басқармасы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігін еске салады.

Бөлісу:
Семейде жеке тұрғын үй өртеніп кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар