Президент
1 мин оқу 191

Игі бастамаларға қолдау білдірді

<p style="text-align: justify;">Елордада Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен &laquo;Отандастар қоры&raquo; КеАҚ Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың &laquo;Халық бірлігі және жүйелі реформалар &ndash; ел өркендеуінің берік негізі&raquo; атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін талқылауға арналған онлайн-конференция өткізді.</p>

Игі бастамаларға  қолдау білдірді

Іс-шараға барлық өңірлердегі «Отан­дастар қоры» КеАҚ фронт-кеңселерінің өкіл­дері мен қандастар қатысты. Тал­қы­лау барысында Президенттің көші-қон сая­са­тының жаңа тұжырым­дамасын әзір­леу жөніндегі бастамалары атап өтілді.

Осылайша, қатысушылар оңтүс­тік­тен солтүстікке қоныс аударған аза­мат­тарға жәрдемақыларды бөлу тәсіл­дерін қайта қарау, сондай-ақ қоныс ауда­рушы азаматтарға үй салу, ауыл шаруашылығымен айналысу үшін жер учаскелерін беру мүмкіндігін қарау, жайылымдық алқаптарды бөлу механизмдерін қайта қарастыру қажет екендігімен келісті.

Қатысушылар Президенттің Жол­дауы тарихи отанына келген қандас­тар­дың бейімделуіне ықпал ететін өзекті мәселелерді көтерді деген пікірге келді.

«Егемен-ақпарат»

Бөлісу: