Экономика
2 мин оқу 234

Қазақстанның тәуелсіз рейтингін растады

<p style="text-align: justify;">Жуырда S&amp;P халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстан Респуб&shy;ликасының тәуелсіз кредит рейтингін &laquo;ВВВ&raquo; деңгейінде растады, болжамы &laquo;Тұрақты&raquo;.</p>

Қазақстанның тәуелсіз рейтингін растады

S&P сарапшыларының баға­лауынша, Қазақстанның рейтингін қолдаған негізгі факторлар – бұл тұрақты фискалдық және сыртқы резервтер. S&P сарапшылары өз­гер­мелі айырбас бағамының режімі экономиканың 2020 жылы мұнай бағасының күрт төмендеуіне байланысты пайда болған сыртқы қы­сымға бейімделуге көмектескенін атап көрсетті.

Біртіндеп жүргізіліп келе жатқан фискалдық шоғырландыру, Ұлттық қордан бюджетке трансферттер көлемін шектейтін фискалдық ере­­жені енгізу және мұнай өндіру кө­лемінің ұлғаюы Қазақстанның сыртқы позициясын нығайтуға әсерін тигізеді.

S&P пікірі бойынша, 2021 жыл­дың қорытындысы бойынша ин­фляция 8,5%-ды құрайды. Бұл көрсеткіш ынталандырушы фис­кал­дық саясаттың әсеріне, импорт­та­латын тауарлар бағаларының өсуіне, сондай-ақ азаматтардың зей­­нет­ақы жинақтарын мерзімінен бұ­рын шешуіне байланысты.

Агенттік Ұлттық банктің ашық-
­тығын арттыруы, атап айт­қанда, Ұлттық қордың ва­люталық операцияларын жария­лау, Ұлттық банктің Қаржы министрлігімен кірістілік қисығын құру бойынша бірлескен жұмысы, қаржылық реттеу функциясын Ұлттық банктің өкілеттігінен бөлу сияқты шаралар ақша-несие саясатына сенімділікті арттыратынын атап өтті.

S&P сарапшыларының пікі­рінше, Ұлттық банктің 2025 жыл­ға дейін экономиканы қолдау бағ­дар­ламаларынан шығу орталық банктің тиімділігін арттыруға кө­мектеседі.

S&P болжамына сәйкес, Қазақ­стан экономикасының өсу қарқы­ны 2021 жылы 3,5%-ды құрайтын болады және оны шикізаттық емес сектордың өсуі, шектеулердің жұм­сартылуы есебінен экономикалық белсенділіктің қалпына келуі, ин­вес­тициялардың өсуі, негізгі сау­да серіктес елдеріндегі іскерлік бел­сенділіктің қалпына келуі қамта­масыз ететін болады.

«Егемен-ақпарат»

Бөлісу: