Коронавирус
1 мин оқу 362

7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

<p style="text-align: justify;">Қазгидромет 7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен ҚР-ның батысы, оңтүстік-батысы, солтүстік-батысы және солтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай күтіледі. Қазақстанның қалған аумағында антициклон жотасының әсерімен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың солтүстігі мен оңтүстік-батысында жел күшейеді, солтүстік-батысында тұман түседі.

Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде найзағай күтіледі, батысы мен орталығында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қостанай облысының батысы мен солтүстік-батысында найзағай, тұман күтіледі.

Күндіз Ақмола, Қызылорда облыстарының солтүстік-батысында найзағай күтіледі, Ақмола облысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Алматы облысында қатты ыстық болады.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының шығысы мен оңтүстігінде, Қарағанды облысының батыс жартысында, Ақмола облысының оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Бөлісу: