Қазақстан
1 мин оқу 1,270

Тамыздағы құрғақшылық бес жылдық «рекордты» жаңартты

<p style="text-align: justify;">Тамыздағы құрғақшылық бес жылдық &laquo;рекордты&raquo; жаңартты. Жауын-шашынның таралуы бойынша мұндай құрғақ ауа райы соңғы рет 2014, 2016 жылдары болған. Бұл туралы &laquo;Қазгидромет&raquo; РМК хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бір ай ішінде Қазақстанның басым бөлігінде қалыптан тыс ыстық және құрғақ ауа райы байқалды. Ауаның орташа айлық температурасы тамызда республиканың көп бөлігінде, әсіресе батыс және оңтүстік аймақтарда климаттық нормадан 1-6°С жоғары болды. 2021 жылдың тамызы 2008, 2010, 2012, 2014, 2016 жылдардағы ауа температурасын қайталады. Жауын-шашынның таралуы бойынша мұндай құрғақ ауа райы соңғы рет 2014, 2016 жылдары байқалған.

Ең ыстық күндері батыс және оңтүстік аймақтарда ауа температурасы +38, +46°С дейін жетті. Мысалы, Аққұдық метеостанциясында (Маңғыстау облысы) 8 тамызда ауаның ең жоғары температурасы + 45,7°С тіркелген. Бұл көрсеткіш 2011 жылы + 46,5 ° С болған еді.

Бөлісу:
Тамыздағы құрғақшылық бес жылдық «рекордты» жаңартты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар