Теннис
1 мин оқу 210
АҚШ-тың ашық біріншілігінде бірде-бір теннисшіміз қалмады
<p style="text-align: justify;">Теннистен Нью-Йоркте өтіп жатқан АҚШ-тың ашық біріншілігінде Қазақстанның бірде-бір өкілі қалмады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Аралас жұптар арасындағы сайыста Ярослава Шведова мен франциялық Фабрис Мартен алғашқы екі кездесуде жеңіске жеткенімен, ширек финалда украиналық Даяна Ястремская мен аустралиялық Макс Перселге жол берді – 2:6, 3:6.
Оның алдында ғана Андрей Голубев германиялық Андреас Мьеспен жұптық бәсекенің 1/8 финалында сүрінген еді. Олар Францияның қос ойыншысы – Пьер-Юг Эрбер мен Николя Маюдан айлаларын асыра алмады – 6:4, 5:7, 3:6.
Сөйтіп, жерлестеріміз үшін АҚШ-тың ашық біріншілігі аяқталды.
Бөлісу: