Экономика
1 мин оқу 316

Құрылыс материалдары неге қымбат?

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Үкімет отырысында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин айтты, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Спикердің айтуынша, жыл басынан бері отандық құрылыс материалдары 25 пайызға өсті.

«Бағаның негізгі өсуі сыртқы нарықтағы баға жағдайымен негізделген. Бұл өзгерістер арматура (өсім 45%), кабель (20%), профлист (70%), шыны (35%) және басқа да материалдар құнына әсер етті», деп түсіндірді ол. 

Сондай-ақ электр энергиясына тарифтердің орташа - 12%-ға, жанар-жағармай - 15%-ға, энергетикалық көмір -10%-ға, теміржол тасымалдары - 18%-ға өскен. Бұл өз кезегінде отандық құрылыс материалдары бағасының өсуіне тікелей әсер етті. Оның өзіндік құнына шаққандағы шығыны 15-тен 30% құрайды.

С.Жұманғариннің мәлімдеуінше, бағаны көтерудің негізділігін қарау және сөз байласу белгілерін белгілеу мақсатында құрылыс материалдарының 25 түрі (кірпіш, бетон, арматура, цемент және т.б.) бойынша нарықтағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізіліп жатыр. Талаптарды бұзу белгілерін жою және бағаны төмендету қажеттілігі туралы 75 хабарлама жолданған. Тек 42 компания хабарламада айтылған талапты орындаған.

«Оның ішінде 35 компания бағаны төмендетті: арматура – 25%, цемент – 10%, бетон – 10%, полиэтиленді құбырлар – 6%, кабель – 5-тен 14%-ға дейін, кірпіш - 3% арзандады. Сонымен қатар бұл бағытта 10 тергеп-тексеру жұмысы жүріп жатыр», деді агенттік басшысы.

Бөлісу: