Руханият
1 мин оқу 260

Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының хатшылығы өтеді

<p style="text-align: justify;">6 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының хатшылығы өтеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов айтты.

«Биыл 6 қазанда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары  хатшылығын өткізу жоспарланған. Бұл шараны қазіргі жағдайды ескере отырып, аралас форматта өткізуді жоспарлап отырмыз, яғни кейбір қатысушылар онлайн-форматта қосылады», деді Е. Нүкежанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, талқылаудың басты тақырыптарының бірі – постковидтік кезеңде хатшылықтың бейбітшілікті дамытудағы рөлі болмақ.

Бөлісу: