Жамбылдағы жарылыс: Тағы бір әскери қызметші қайтыс болды
<p style="text-align: justify;">ҚР Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысындағы әскери базада болған жарылыстан қаза тапқандар саны 16-ға жеткенін мәлімдеді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«2021 жылғы 7 қыркүйекте Тараз қалалық ауруханасында 26 тамызда Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасында болған өртті сөндіру кезінде алған жарақаттарының салдарынан 28349 әскери бөлімінің әскери қызметшісі 1983 жылы туған капитан Ерлан Рысқұлбекұлы Қырғызәлиев қайтыс болды.
Ол оқ-дәрілерді сақтау бөлімінің бастығы лауазымын атқарған болатын. Қоймадағы өртті жоюға кіріскен алғашқылардың бірі болды.
Қорғаныс министрлігі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», деп жазылған ресми хабарламада.