Президент Петропавлдағы «Alageum Electric» зауытына барды
<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында Петропавлдағы «Alageum Electric» электротехника зауытының жұмысымен танысты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://www.akorda.kz/ru/kasym-zhomart-tokaev-posetil-petropavlovskiy-elektrotehnicheskiy-zavod-alageum-electric-781350" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Ақорданың</a> ресми сайтына сілтеме жасап.</p>
Президентке трансформатор өндірісінің технологиялық желісі көрсетіліп, кәсіпорын қызметкерлеріне көрсетіліп жатқан әлеуметтік қолдау шаралары мен өндірісті одан әрі кеңейту жоспарлары айтылды.
![]()
«Alageum Electric» зауытының құрылысына 10 миллиард теңге инвестиция салынған. Жобалық қуаты бойынша кәсіпорын жылына 13 мың трансформатор шығарады деп жоспарланған. Шығарылатын өнімнің 98%-ы ТМД елдеріне экспортталады.

Кәсіпорын жұмысшылары, соның ішінде оңтүстік өңірден көшіп келушілер жеңілдікпен тұрғын үй алу мүмкіндігіне ие. Тәлімгерлерге оқуға және жұмысқа орналасуға жағдай жасалады.

Кездесуді қорытындылай келе, Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек ұжымымен әңгімелесті. Президент кәсіпорынның жұмысы мен оның экспорттық әлеуетіне жоғары баға берді. Ол зауыттың табысты дами беретініне сенім білдіріп, отандық өнім өндірушілерге Үкімет тарапынан жан-жақты көмек көрсетілетінін айтты.
